Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аманатты аттауға болмайды

Аманатты аттауға болмайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын зерделеп, түйсігімді қайта түрткілеп, оқып шықтым. Елбасымыз бала кезінен-ақ Абай әлеміне ғашық болғанын, кейін билік басына келгенде балалық сезімінің Абай тұлғасына жетелегенін, Абай есімін әлемге әйгілегенін, алыс-жақын шетелдерде Абай атымен аталған ескерткіштер мен көше атауларының берілгендігін, Ахмет Байтұрсынов бабамыз айтқандай, Абай есімін бұрын Семей мен Ақмола облыстары ғана білсе, оны қазір әлем танығандығын нақты деректермен, негізді дәйектермен жеткізген.
Н.Ә.Назарбаевтың есімі Қазақстанның тәуелсіздігімен, кейінгі өркендеуімен қатар жүреді. Оны өмір дәлелдеді. Көптеген алпауыт елдер мойындады.  Қазақстан атты ұғыммен Н.Ә.Назарбаев есімі қатар жүретіні де шындық. Елбасының елімізді тәуелсіздік дәрежесіне жеткізудегі ерен еңбегінің ең негізгілерінің бір-екеуін атасақ та жеткілікті. Ең алдымен Семей полигонын жаптырды, көпұлтты республикамызда ұлтаралық бірлікті қамтамасыз етуі және әртүрлі дін өкілдерінің бірлігін, түсіністігін алдыңғы кезеңге шығаруы, еліміздің мол табиғи байлықтарын орынды пайдаланып, шетел инвестициясын тартуы және т.б  жетістіктер жеткілікті.
Ұлы Абайдың175 жылдығы Сыр еліне де ерекше серпін беретіні сөзсіз. Себебі оның әкесі Құнанбай қасиетті Меккеге қажылыққа барарда арнайы Сыр еліне келіп, көп ғұламаларға тәу етіп, қасиетті Сыр елінің батасын алып, өзімен Мырқы датқаны ертіп кеткендігін, ал аға сұлтандыққа сайланарда жерлесіміз ақын Күдеріқожа   Көшекұлының билік айтқандығын, Абайдың есімін әлемге танытқан ұлы Мұхтардың бабасы Бақсайыс әулие қасиетті Жаңақорған топырағында жатқандығын айтсақ та жеткілікті.
Жан жарасы жазылмай өткен ойшыл ғұлама Абайдың арманы орындалуда. Оның есімін, шығармаларын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі. Сондықтан олар Абай аманатына  адал болатындығы сөзсіз.
Қазіргі әлемде қалыптасқан қиындыққа қарамастан Елбасы мақаласын данышпан Абайдың : «... Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді» деген сөзімен аяқтауы кез келген қазақстандықтардың   жігерін жанитын: «бүгінгі өркениет пен алдағы болашақ талабына лайық ұмтылыстарымыздан және игі істерімізден нақты көрініс табатынына кәміл сенемін» деп түйіндепті.
Біз де осы сенімге қосыламыз. Өйткені аманатты аттауға болмайды
Қазыбай Құдайбергенов,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры
07 қазан 2020 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 528 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам