Пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өтті

Кездесу барысында дінтанушы Ж.Ысқақов діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір әр түрлі теріс ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы – қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды теріс діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады деді.
Сонымен қатар дінтанушы жастарға қоғамдағы теріс пиғылды діни ағымдардың жетегінде кетіп қалмауы, діни сауаттылықты арттыруы, діни ғибадаттарды әдепсіздік көрсетіп, әртүрлі жерде орындауға болмайтындығы туралы мағлұматтар берді. Жиын барысында есептегі азаматтар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Қармақшы аудандық пробация қызметі