Қызылорда облысының 147 мыңға жуық тұрғыны МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған
Қызылорда облысында 146 762 адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған. Көбіне Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қазалы ауданында. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен өткен МӘМС мәселелері жөніндегі өңірлік штаб отырысында хабарлады.
Филиал директорының айтуынша, емханаларға 8 167 адам тіркелмеген және 4 534 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өзектендірілмеген.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына сәйкес МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 8 427 шағын және орта бизнес субъектілерінің 12 мыңнан астам қызметкері босатылды. Бүгінгі таңда 2 621 (31,1%) ШОБ субъектісі қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Елімізде осы көрсеткіш бойынша өңір 6-орында.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ШОБ қызметкерлерінің медициналық көмек алу құқығын ағымдағы жылдың соңына дейін ұзартуды тапсырды. Осыған байланысты, жұмыс берушілер «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің ЖСН-ін тіркеуі қажет. Ол үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтына https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өтіңіз. Сондай-ақ, тіркеуді «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасы арқылы өтуге болады.
«Qoldau-24/7» қосымшасында сіз кеңес ала аласыз, шағым жолдай аласыз, алғыс білдіре аласыз, өз ұсыныстарыңызды білдіре аласыз, сақтандыру мәртебесін тексере аласыз, МӘМС жүйесінде сақтанушының уақытша мәртебесін ала аласыз. Алайда, мобильді қосымшаны жүктеу мониторингі көрсеткендей, аймақ соңғы орындарда. Өңірдің 395 237 тұрғынының (20-59 жас аралығында) «Qoldau-24/7» - де 2 933 адам ғана тіркелген», - деп хабарлады филиал директоры.
Сонымен қатар, Бақыт Торғайбайұлы басқа да өзекті мәселелерге назар аударды. Аймақтың жоғары оқу орындары мен колледждері МӘМС жүйесінде өз студенттерді толық өзектендірімеген. Филиал тарапынан уақытша бір айға 44 студентке сақтандыру мәртебе беріліп, ар қарай Білім және ғылым министрлігіне хабарласу керектігі хабарланды. Бұдан басқа, Электронды үкімет порталында шетелде оқитындар тіркелу үшін мемлекеттік қызмет түрі пайда болды.
Байқоңыр қаласында РФ-да мүгедектік алған ҚР мүгедектеріне сақтандыру мәртебесін беру туралы мәселе шешілген жоқ. МӘМС жүйесінде 1 200 адамның тек 128-і ғана тіркелген.
3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған адамдар туралы ақпаратты беру бойынша интеграция жоқ Айта кетейік, бүгінде өңірдің 475 350 тұрғыны азаматтардың 15 жеңілдік санатына кіреді.
Тағы бір өзекті мәселе – халықты МӘМС туралы хабардар ету. Мәселен, облыстық ішкі саясат басқармасының ықпалымен жыл басынан бері МӘМС туралы 146 материал жарыққа шыққан, бұл өте аз. Сондай-ақ, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы ақпарат жеткіліксіз.
Жоғарыда аталған барлық мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар берді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі