Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әр ана өз үйінің ырысы

Әр ана өз үйінің ырысы

Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының  ұйымдастыруымен «Ақ орамал» ақпараттық-насихаттық жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты бүгінгі қоғамдағы, отбасындағы ананың орнын, атқаратын рөлін анықтау, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиелеу міндетін әйелдерге ғана тән міндет деген көзқарасты өзгерту, әкенің беделін арттыру болып табылады.
Сырдария ауданында бастау алған «Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі» атты отырыс елді мекендегі әртүрлі топтағы аналардың қатысуымен, сырласу форматында өтті.
Мазмұнды басқосудың модераторы «Бойтұмар-Ханым» қоғамдық қорының басшысы, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова болды. Ол жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.
Аналар кеңесінің мүшесі, ардагер-ұстаз, жеке кәсіпкер Алтын Нұртаева өзінің алғы сөзінде үйінде ұлттық нақыштағы шымылдық, нәрестелерге арналған жабдықтар тігумен айналысатынын айтып өтті. Ұстаз ана жас келіндерге өз білгенін үйретуден жалықпай келеді.  Ол қазіргі әлеуметтік желілердегі жас аналар тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жөндеуге, ана деген атқа лайық болуға үндейді.
Ал Сырдария аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева сол ауданда медиаторлықпен айналыса отырып, көптеген отбасылардың ажырамай, сақталып қалуына септігі тигендігін тілге тиек етті.
Сырдария аудандық Достық үйінің белсендісі, Аналар кеңесінің мүшесі ардагер Татьяна Шин әр ана өз үйінің ырысы деген қағиданы ұстанады. Ол «Әр ана отбасындағы балаларына үлгі болуы керек.  Әке қадірін балаларға ұғындыру ананың басты парызы. Қызым қазақ жігітіне тұрмысқа шықты. Келінім мен күйеубалаларымды «Алтыным» деп еркелетемін. Олардың бізге деген құрметі жоғары. Қызыма, күйеуің мен енеңнің рұқсатынсыз ретсіз үйге келме деп жиі айтамын», - деді.
Сырласу форматында өткен отырыста аналар тарапынан өнегелі ойлар мен  құлақасар пікірлер айтылды. Ана туралы және отбасына байланысты бүгінгі күні туындап жатқан мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдары ұсынылды.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі
09 қазан 2020 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам