
Түркияның Анталия қаласының тұрғыны үйінің ауласынан үш айлық баланы тауып алған. Анықталғандай, сәбиді анасы, Қазақстан азаматшасы тастап кеткен. Оқиға туралы түріктің Akdeniz Gerçek басылымы хабарлады. Кеше, 8 қазан күні шұғыл қызмет көрсету орталығына Анталия тұрғыны хабарласқан. Әйел көпқабатты үйдің бақшасынан 3 айлық баланы тауып алғанын айтқан. Сәби заттарымен бірге арбада жатқан. Нәресте бірден ауруханаға жеткізілген. Ал құқық қорғау органдары оның әкесін іздеп тапқан. 33 жастағы түрік азаматы ұлының анасымен, яғни 31 жастағы Қазақстан азаматшасымен болғанын айтты. Сәбидің әкесі әйелі баласын не үшін тастап кеткенін білмейтінін жеткізді. Сонымен қатар ер адам жұбайының үстінен прокуратураға арыз жазған. Бала әкесіне табысталған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жасар баласын өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.