Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты

Қызылордалық көршісінің бір айлық сәбиі мен жеті жасар баласын өрттен аман алып шықты

   Қызылордалық көршісінің балаларын өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 3 желтоқсан күні кешке болған. Көп қабатты үйде тұратын отбасының бір айлық және жеті жасар балалары үлкендердің бақылауынсыз қалған. Сол сәтте 7 жастағы бүлдіршін отпен ойнаған. Ол кезде әкесі үлкен баласын мектептен алып қайтуға, аналары дүкеннен нан алуға сыртқа шығып кеткен. Пәтерден шыққан өртті төменгі қабаттағы көршісі Медет Рахметов алғашқылардың бірі болып байқаған. Ол бірден құтқару қызметіне хабарласып, өзі әрекет жасаған. «Нәтижесінде ол түтін арасынан бір айлық сәби мен 7 жастағы баланы құтқарып қалды. Жедел жәрдем қызметі балаларды облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. 
04 желтоқсан 2019 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам