Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда

Қызылорда гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда

Қызылорда гарнизонында күзгі науқанда мерзімді әскери қызметке 800-ге жуық жас сарбазды қабылдау жоспарлануда. Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде күзгі шақыру ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде басталды. Әскерге шақыру осы жылдың 29 желтоқсанында, яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке келгенде аяқталады.
Жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Әскерге шақырылушыларды таңдау барысында алған мамандығы мен денсаулығы ескеріледі. Сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан төзімді, физикалық дайындығы жақсы жастар ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР Ұлттық ұланына жіберіледі.
«Жас толықтырушыларды әскери бөлімдерге жіберместен бұрын ПТР-тест әдісі арқылы коронавирусқа қарсы зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бөлімде жас сарбаздар екі аптаға созылған карантинде болады. Онда әскерге шақырылушының психологиялық-әлеуметтік жағдайы анықталып, медициналық тексеру жүргізіледі», – дейді Қызылорда облысы ҚІЖД бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы подполковник Дмитрий Жерегя.
Соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны артқан. Әскер қатарына қабылданғаннан кейін кәсіптік және жоғары білімі бар жастар жақсы нәтиже көрсетіп, келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.
11 қазан 2020 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам