Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыр төріндегі саяхат

Сыр төріндегі саяхат

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық тарихи-мәдени мұражайының бірлесе ұйымдастыруымен  «Менің қалам – Қызылорда» тақырыбында экскурсия өтті. Оның басты мақсаты – туған жер тарихы мен тарихи нысандарды жас ұрпаққа кеңінен таныстыру.
Қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен болған шара Батырхан Шүкенов атындағы саябақтан бастау алды. Содан соң Сыр елінің сәнді де саялы орындарына сапарлады. Қаланың көрікті орындарын түгел қамтыған саяхат шеруі Қызылорда су тоғанынан аяқталды.
Саяхат барысында туған ел тарихымен астасып жатқан еңселі ескерткіштер мен құндылыққа толы мұралар жан-жақты насихатталды. Тағылымды шара барысында мұражай қызметкері Алтын Карбозова танымдық мәліметтермен таныстырды. Сонымен қатар «Социум-Қызылорда» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ерлан Мұсаев маңызды басқосуға белсенділік танытып, ұйымдастыру жұмыстарына қолдауын көрсетті.
Иә, қала тарихы ғасырлармен сабақтасып, ғибратқа толы ғұмырнамалармен жіті астасып жатыр. Бұл – бір күнгі саяхаттан алған әсердің сезімі.
«Ақмешіт-ақпарат»
13 қазан 2020 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам