Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КЕРЕМЕТІ

КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КЕРЕМЕТІ

    Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қоры аймағымыздағы тарихи орындарды насихаттау мақсатында қолға алынған «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық экскурсиясын жалғастыруда.
Бұл жолғы саяхат Жаңақорған ауданында орналасқан Сығанақ шаһарынан бастау алды. Тарихы терең, киелі мекенде жас өрендер көне қала туралы тың деректерді жадына тоқыды. Сығанақтың сырын ашуға жұмыла кіріскен археологтармен тілдесіп, қазба жұмыстары туралы сұрап-білді. Мамандардың айтуынша, қазір Сығанақ қаласының кірер қақпасын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Жас саяхатшылар Шиелі ауданында орналасқан Оқшы ата кесенесіне де барды. Қасиетті орынның таңғажайып құпияларын қорым шырақшысы кеңінен баяндады. Аталмыш қорымда бүгінде Асан қайғы, Оқшы ата, Ғайып ата, Қыш ата секілді әруақты кісілер жерленген. Қорым шырақшысы оқушыларға әрбір бабаның есімдерінің сырын ашып, тың, қызықты ақпараттарымен бөлісті.
Киелі мекеннен жакс өрендер керемет  көңіл-күйде қайтты. Айта кетейік, аталмыш саяхат аясында бүгінде арнайы видеоблог әзірленуде. Алдағы уақытта туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы осындай тарихи-танымдық саяхаттар жалғасын таба бермек.

Мөлдір ҚОЖАХМЕТОВА,
облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының маманы
11 шілде 2018 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам