Арман және жоспар

Менің жоспарыма келер болсақ, мен Қазақстанды дамытуды мақсат етемін. Яғни шет елдермен байланыста болып, олармен жақсы келісім шарттарға отырып, елдің индустриясын арттырсам деймін. Жоспар мен арманның айырмашылығы осы, жоспарды адам жүзеге асырады, ал арманды көбісі асыра алмайды.
Армандаудың пайдасы:
-Адам армандай бастағанда оның бойында алға жылжуына қажетті энергия туындайды. Соның арқасында талпынады, кедергімен күреседі. Тіпті сол энергияның ықпалымен миымыз табысқа жетудің, қиындықтан шығудың бірнеше нұсқасын ойлап таба алады.
-Адам бойындағы жалқаулықты жеңуге көмектеседі.
-Әдетте шабыт қалаған уақытыңызда келе қоймайды. Ал жүрегіңізде арманыңыз болса, сіз үнемі шабыттанып жүресіз.
Жоспарлау көп нәрсеге септігін тигізіп жатады. Жоспардың арқасында адамдар өзін-өзі дамытады, алға қарай ұмтылыс пайда болады.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық-техникалық жоғары колледжі.
Жеңіс Бегімбаев,
«Политехникалық мамандықтары» бөлімшесі,
ТС-17о оқу тобының оқушысы
аграрлық-техникалық жоғары колледжі.
Жеңіс Бегімбаев,
«Политехникалық мамандықтары» бөлімшесі,
ТС-17о оқу тобының оқушысы