Тәрбие тал бесіктен

Абай атамыздың жетінші қара сөзінде «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі — білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?» «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» «бұл неге бүйтеді ?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі «жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген үлкен пәлсопалық ой жатыр. Яғни айтқым келгені тәрбиелеу барлығы өз қолдарыңызда.
Балаларды тәрбиелгенде ұрып, күш көрсетіп тәрбиелеу үлкен қателік. Дұрыс емес жағын айтып отыру қажет. Әдетте оған көнбейтін балаларда болады. Бұл жағдайда баланы кішкентай кезінен тәрбиелеуді қажет ететіндігі. Яғни бала жоғарыда айтып өткендай ағашты қалай өсірсе солай кететіндігі секілді баланыда басынан жақсы, таза тәрбиелеу керек. Айта кететін тағы бір нәрсе отбасында мәселе туындаса, балаларды араластырмау қате деп ойлаймын. Баламен ақылдаса отырып шешкен мәселе баланы есейтуге көмектеседі. Қорытындыға келер болсақ, "Әр адам өз баласын жаман болсын деп тәрбиелемейді, егер балаңыз жаман болып өспесін десеңіз, ең әуелі өзіңізді тәрбиелеңіз"- дегім келеді.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-
техникалық жоғары колледжі.
Елдана Қуантай,
«Политехникалық мамандықтары»бөлімшесі,
ТС-17о оқу тобының оқушысы