БАЛАНЫ ДЕНІ САУ ЕТІП ӨСІРУ ҮШІН БІЛУ КЕРЕК ТӨРТ КЕҢЕС
Жаңа туылған сәбидің көп ауырып, белгісіз себептермен жиі мазаланатыны баршаға мәлім. Осы орайда islam.kz сайты баланы дені сау етіп өсіру үшін маңызды төрт кеңесті ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Бала денсаулығы үшін ең маңызды нәрсе - ана сүті, таза ауа, күннің көзі және жайлы орын екен. Адам баласы өне бойына тынысын ішіне таратқанда, таза ауа жұтып, тынысы сыртқа шыққанда, керексіз ауаны сыртқа шығарып отырады. Адам көп жиылған үйдің сондықтан ауасы нашарлап, адамның тынысы тарылып тұрады.
Ал алақандай терезесі бар, төбесі басыңа тигендей аласа, тар үйдің ауасы тым нашар болуы мүмкін. Мұндай ауада үлкен кісі тұншыға жаздаса, емшек баласының дертті болып, өлуіне себеп болып жатады. Сондықтан балалардың өкпесі сау болып, тынысы кең болуы үшін күніне бір-екі мезгіл есік ашып, үйді жел қақтырып алу дұрыс. Балаға суық тиеді деп, қауіптену қате. Бетін ашық қалдырып, денесін көрпемен жауып қойса болады.