Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі

* Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.
* Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.
* Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.
* Бiреудi үйрету — өзiңнiң қайталап үйренуiң.
* Қайда жүрсең де өзiңдi тiзгiндеп ұста.
* Ойлауы мен сөйлеуi қоса жетiлген адам ғана жан-жақты жетiлген адам.
* Ақылды адамдардың сөзi көрiктi де, сүйкiмдi болады.
* Адам салқын қанды, тұрақты, жақсы мiнездi болуы керек.
* Парасат — қараңғыдағы шырақ.
* Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі.
* Не дер екен мейірімі мол кісі:
* Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
* Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
* Дәулет болар алсаң соның ақылын.
* Мейірімнен шынайы леп еседі,
* Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі.
* Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
* Қолда өсір, ұстай көрме алыста жат.
* Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
* Баланың еркін өсер тәртібі-есі.
* Көп ойлап, жақсы сөйле нұсқа болсын,
* Қайтарар жауабың да қысқа болсын.
* Білімдінің аты өсер, білімсіздің аты өшер.