Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » “Мәдениет бір бөлімнің ғана шаруасы емес”

“Мәдениет бір бөлімнің ғана шаруасы емес”

Мұхтар Ниязов, қалалық мәдениет және
тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Сырөңірініңмәдениетіменөнермұрасыкүлліқазақдаласынаортаққазына. СырбойындағымәдениетпенөнергебайланыстыжәнебасқадасауалдартөңірегіндеқалалықмәдениетжәнетілдердідамытубөлімініңбасшысыМұхтарНиязовпенсұхбаттасқанболатынбыз.
МұхтарМәуленұлы, өркениетмәде­ниеттенбасталадыдегенсөзбар. Сіздіңойыңызшамәдениетпенөнердегенне? Алғашқыәңгімеміздіосыданбастасақ.
– Әлбетте, өркениет мәдениет басталады деген сөзбен толықтай келісемін. Бізде мәдениет бөлімнің немесе басқарманың аясындағы шаруа деген қате пікір бар. Мәдениет – әрбір адамның өмірді дұрыс сүру салты мен соның жоғарғы деңгейі. Дамыған елдерден не байқайсыз? Олардан сәулетті, салтанатты сарайларды, ғасырдан-ғасырға келе жатқан ғимараттарды, сонымен бірге тарихын, жоғары деңгейдегі мәдениетін байқайсыз. Ешкімнің түріне, тіліне жынысына, жұмысына қарамай құрметтей білу әрбір адамның өзінің ішкі мәдениетіне байланысты. Бізде қарапайым ғана көше мәдениетін алып қараңыз. Кеше құрған көше шамдарын бүгін сындырып, кеше жасаған аллеяларды бүгін талқандап жатыр. Бұл біздің әлі де болса толық мәдениетке қол жеткізе алмағанымыздың белгісі. Сондықтан дамыған елдердің алдыңғы қатарлы санатына қосылу үшін көп жұмыс жасауымыз керек. Ал мәдениет қызметкерлері сол  әр адамның ішіндегі оянуға тиісті мәдениеттің шырағын жағушы жандар.
– Алғаш қызметке келген кезде жұмысты неден бастадыңыз?
– Өзіме деген жауап­кершіліктен бастадым. Жұмысқа қызметкер­лерден ерте келу, нәтиже­лі еңбек етудің үлгісі болу және талап ету – ұстанымым. Қазіргі жаңаша ойлау үдерістерін қалыптастыру сияқты түрлі креативті ойларымды осы салаға енгізсем деймін. Маған дейінгі жасалған жұмыстарды өз деңгейінде жандандырып, жалғастыру мақсатымыз. Жұмыс барысында ең үлкен талапты өзіме қоямын. Содан кейін айналамнан талап етемін. Біздің мақсатымыз халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи мәдениетін қайтадан жанғырту болып табылады. Жаңа жаһандық үлгідегі жоғары деңгейдегі мәдениетпен ұштастырсақ. Сонымен қатар тарихи­ әдеби, этнографиялық дүние­лерді қамтысақ. Жалпы біз идеологияға, тарихқа, руханиятқа жұмыс істейміз. Сондықтан ол міндетті түрде жемісін береді. Қандай бір еңбекке маңдай терің төгілсе ол көп ұзамай көктеп көгергенін көзің көреді. Біз қазір тарихи кезеңде тұрмыз. Осы жердегі мәдениеттің атқаратын рөлі үлкен. Сол жүкті өз мүмкіндігімізше көтеріп, халыққа ұсынып, кеңірек насихаттауға тырысамыз.
– Биылғы жылдағы мереке аясында қан­дай шаралар атқарылып жатыр?
– Өздеріңізге белгілі біздегі негізгі шаруалар­дың көбі онлайн жүйеде. Соған біз барлық жағынан мәжбүр болып отырмыз. Дегенмен онлайн жүйеменде талай шаралар атқаруға болады. Өйткені қазір елдің бәрі  компьютерде, қолындағы смартфондарда бағдарламалар орнатылған. Кез келген жерде онлайн шараларды тамашалай алады. Биыл Абай атамыздың 175 жылдығы тойланып жатыр. Осы орайда ұлы ақынның қара сөздерін халыққа кеңінен түсіндіріп насихаттаудамыз. Ғалымдардың пікірлерін ұсынып, халықтың бойындағы рухани дертінен арылуға, оятуға жұмыстар жасалып жатыр. Биылғы жыл оңай болып­ отырған жоқ. Бұл әр ғасырда кездесетін індет болса біз сонымен тұспа-тұс келіп отырмыз. Мұндай сәтте де мәдениеттің атқаратын рөлі бар. Кешегі соғыс жылдарында  халыққа арнап «Ленинградтық өренім, мақтанышым сен едің» деп Жамбылдар жүрген болса, қазірде сол қиын шақта біз де халыққа мүмкіндігінше демеу беріп жатырмыз. Әр жылғы науқандық шаралармен емес, жүйелі түрде артымызға үлкен рухани мол мұра қалдыру үшін жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын.
– Ақын елдің сырын, өнердің мұңын жақсы түсінеді. Алдағы уақытта саладан қандай серпін күтеміз?
– Бұл жерде ақын, әнші деген ұғым жоқ. Мәдениеттің жұмысы ортақ. Мемлекет басшысы да мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ықпал етіп отыр. Бұл саладағы түрлі серпінді сер­пілістерді қажет ететін, ескі таптаурын іздерден, соқпақтардан арылып, алдағы уақытта әр саланы толыққанды қамтымақ ниеттеміз. Барлығының тамырына қайтадан қан жүгіртіп, жаңаша жаһандық үлгідегі үлкен-үлкен істерді күтіп отырмыз. Сондықтан «арық айтып, семіз шық» деп ойдағы жоспарларымызды жасап жатқан жұмыстардың барлығын толықтай бекітіп бітіргеннен кейін бүкіл елдің алдында есеп берген жөн шығар деп ойлаймын.
– Сыр бойындағы жыраулық пен ақындық өнердің артықшылығы мен кемшілік тұсы бар ма?
– Екеуінің де артықшылығы ұшан теңіз. Және осындай асыл мұрамыздың артық кеміне баға беруден аулақпын. Дегенмен айта кетейін, жыр айтып жүрген жастар арасында жыр қорларының аздығы байқалады. Ескі екі-үш терменің айналасында жүріп қалатын жастар кездесіп жатады. Жастарға ізденіс керек деп ойлаймын. Ал ақындар арасында кемшілік тұстар бар. Олардың өздеріне ескертіп, сыннан нәтиже шығарып жақсы жағынан танытқан абзал ғой деп есептеймін.
– Ауылдық клуб үйлерінің үйірме жұмыстарына талдау болып тұрады ма?
– Міндетті түрде жұмыс нәти­жесі қортындыланып талдау жүр­гізіліп отырады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы кезекті жолдауында осы ұрпақ тәрбиесіне қатысты үйірмелердің орнын айрықша айқындап берді. Біз үйірмелердің тұрақты түрде жұмыс жасауына жағдай жасап келе жатырмыз. Әр баланың қызығушылығы бірдей емес. Бала бойында қалыптасып бүр жарып келе жатырған қабілеті болады. Соның ізгі бастауында осы үйірме жұмыстары тұр. Үйірме тегін.
– Оқырмандарға тілегіңіз?
– Барлығына жақсылық тілеймін. Баспасөз жалпы халықтың көзі, құлағы һәм тілі дейді. Сондықтан елдің интеллектісін көтеруге, тарихи санасын ояту­ға, мәдени әдеби біліммен сусындатуға және мәденинетпен қарулануға жұмыс істеп жатқан баспасөз саласына шын жүрегім­мен алғысымды жеткіземін.
– Сұхбатыңызға рахмет.
17 қазан 2020 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам