Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүгедектерге кресло-арбалар беру


Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады.  Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
ХҚО арқылы:
- ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз;
- Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз;
- Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеңіз.

Мобильді топты шақырту арқылы:
- "1414" бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекен-жайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.

Сізге қажетті құжаттар:
- Жеке басыңыздың куәлігі;
- Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
- Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
-Мүгедектігі жайлы куәлік;
-Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
-Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:
- Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.

Қызмет нәтижесі:
- Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.


Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.
19 қазан 2020 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам