Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

ХҚКО-лар жаңа жұмыс тәртібіне көшті

Карантин жариялануына байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылданды. ХҚКО көрсететін қызметтер саны қысқартылады. Азаматтар онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Осымен бірге, еліміздегі барлық ХҚКО сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болатын қызметтердің қатарында төлқұжат пен жеке куәлік алу, зейнетақы мен әр түрлі жәрдемақы тағайындау және т.б. бар. ХҚКО көрсететін қызметтердің толық тізімі қоса беріліп отыр.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған және электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы бот арқылы алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады. Қоңырау соғу тегін. Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «ҰАТ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, ҚР 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейтті.
Сонымен қатар, Министрлік Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адам көп шоғырланатындықтан, азаматтарға ХҚКО-ға аса қажет болмаса бармауға кеңес береді.



20 наурыз 2020 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам