Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында диалог орната алатын институционалды құрылымға айналды – Президент

Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында диалог орната алатын институционалды құрылымға айналды – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің ойымша, бүгін айтылған ұсыныстар өзекті әрі маңызды болып шықты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына бір жыл толды. Осы аралықта кеңес толық қалыптасты. Оның қажеттілігіне баршамыз көз жеткіздік. Ұлттық кеңес билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орната алатын тиімді институционалды құрылымға айналды. Кеңес мүшелері еліміз үшін маңызды шешімдер әзірлеп, солардың жүзеге асырылуына күш салды. Осыған дейін өткізілшен үш отырыстың барлығы да пайдалы болғаны сөзсіз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Мемлекет басшысының айтуынша Ұлттық кеңестің жұмысы шетелдік сарапшылардың қызығушылығын туғызуда.
«Пандемияға қарамастан кеңесте өзекті мәселелер тұрақты түрде талқыланып келеді. Оған министрлер де атсалысуда. Жалпы сіздердің арқаларыңызда бірнеше маңызды бастама жүзеге асырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік саясаттың түрлі салаларын реформалауға қатысты жаңа ұсыныстар әзірленуде. Осы тұста кеңестің барлық мүшелеріне, соның ішінде ротация бойынша мүшеліктен шыққан азаматтарға жемісті жұмыстары үшін алғыс айтамын», – деді ол.
22 қазан 2020 ж. 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 210 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам