Онлайн түрде граффити байқауы өтті
Соңғы кездері ірі қалалардағы көпқабатты үйлердің қабырғаларында, ғимараттарда және жолдың үстінде көше суретшілерінің салған суреттері мен жазуларын көп кездестіруге болады.
Бұл көркем туындылар кімнің де болса назарын аударады. Жастар арасында жаңа леп әкелген толқынның атауы граффити. Кезінде граффити вандализмнің көрінісі болған, бірақ біртіндеп ол көше мәдениетінде орныға бастады. Енді көше өнерінсіз қазіргі қаланы елестету қиын.
Осы орайда, Қызылордада «Есірткісіз әлем керемет...» ұранымен онлайн түрде граффити байқауы өтті.
Полицейлер ұйымдастырған байқау жалпы білім беру оқу орындарының оқушылары мен колледж студенттері арасында өтті.
Байқауға 10-18 жас аралығындағы 23 жұп қатысты, олар өздерінің граффитилерінде нашақорлық проблемасына деген көзқарастарын көрсетті.
Карантин шектеулеріне байланысты қатысушылар граффити суреттерін қабырғаға емес, импровизацияланған материалдарға: қағазға, матаға, кенепке, баннерлерге және тіпті картонға салды.
Қатысушылар орындау техникасы, жұмыстың сапасы мен тазалығы бойынша бағаланып, өздерінің туындыларын әлеуметтік желілерге орналастырды. Маңызды фактор – қатысушылардың идеясы.
Байқау комиссияның шешіміне сәйкес, сайысқа қатысқан жеті жұпқа - алғыс хаттар, төрт жұпқа сыйлықтар және "Жігерлік үшін" дипломдары, ал он екі командаға "Үздік граффити" үшін бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі