1 күн ішінде 137 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.
Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 16 дерегі (ӘҚБтК-нің 571/2 б.), көлік құралын заңсыз жабдықтау бойынша 6 әкімшілік хаттамалар рәсімделді (ӘҚБтК-нің 590,7), техникалық байқаудан өтпеген 22 жүргізуші (ӘҚБтК-нің 590,9 бабымен) әкімшілік жауапқа тартылды, ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) - 30 дерегі, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеуді бұзудың 4 дерегі (ӘҚБтК-нің 590,8), маневр жасау қағидаларын бұзған 21 жүргізуші анықталды (ӘҚБтК-нің 595бабы). Барлық заң бұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі