«Үздік серіктес» байқауы
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік серіктес» байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты- үкіметтік емес ұйымдармен өзара бірлесіп, проблемалы сұрақтарды талқылап, әріптестіктің тиімділігін арттырып, ұсыныстар әзірлеп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге, құқықтық сананы арттыруға, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, еріктілер, тілшілердің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын насихаттау жұмыстары болып табылады.
Байқау қорытындысымен ішкі істер органдарына профилактикалық жұмыстарды күшейтуде зор үлес қосқандары үшін Полиция департаменті бастығының атынан «Үздік серіктес» грамоталарымен «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, «Қызылорда Волонтерлары» штабының жетекшісі Чебакова Ольга Константиновна марапатталды.
Ал, әріптестіктің тиімділігін арттыруда зор үлес қосқандары үшін «Жан» дағдарыс орталығының директоры Сыздықова Салтанат Елеусизовна, «Ана Үйі» қоғамдық қорының координаторы Жусупбаева Дина Маратқызы, бұқаралық ақпарат құралдарына белсенді жариялағандары үшін республикалық «Хабар 24» телеарнасы журналисті Бекенов Қамбар Ғалымұлы мен жергілікті «Қоғам ТВ» телеарнасының шеф-редакторы Құлтанова Баян Рахатқызы марапатталды. Сонымен қатар әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, өзара бірлесіп жұмыс атқарғаны үшін Қазалы АПб-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Бишекова Сауле Талғатқызына алғыс жарияланды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі