ҮЗДІК «АНЫҚТАУШЫ АНЫҚТАЛДЫ»
Жуырда Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Анықтау бөлімінің анықтаушылары арасында «Үздік анықтаушы», «Алғыр анықтаушы» «Үздік айыптаушы», «Үздік талдаушы» аталымдары бойынша байқау өткізілді.
Жеңімпаздарды анықтау үшін полиция қызметкерлерінің жұмыс көрсеткіші, қылмыстық істердің мерзімін сақтай отырып, сапалы түрде дер кезінде заңды шешім қабылдауы, біліктілігі мен жауапкершілігі, жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы басты назарға алынды. Басқарма басшылығынан құрылған комиссия шешіміне сәйкес 23 анықтаушылардың арасында үздіктер анықталып, нәтижесінде «Үздік анықтаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Алдабергенұлы Аян, «Үздік айыптаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Әбдіқаппаров Әлімұрат, Асылбек Жасұлан; «Үздік талдаушы» аталымына полиция капитаны Жансултанов Багдат, «Алғыр анықтаушы» аталымына полиция аға лейтенанты Калманов Ахмед және полиция аға лейтенанты Абдраимов Сапарәлі лайықты деп танылды.
Үздік деп танылған полиция қызметкерлері марапатталып, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шараға өз ісінің үздігі атанған анықтаушылардың ата-аналары да қатысып,оларға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Қызылорда ҚІІБ баспасөз қызметі