Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды

Еске салсақ, бүгін WhatsApp желісінде «28.10.2020. В городе Нур-Султан в 6:53 на банк Kaspi.kz было совершено кибер атака в результате которого в саботаже «пополненных» и «минусовых» счетов было украдено 78.937.374тг» деген ақпарат таратылды. Әлеуметтік желі қолданушылары Kaspi.kz шотындағы ақшасының азайғанын, не көбейгені туралы жазды.
Банк өз кезегінде Kaspi.kz қосымшасындағы техникалық ақаулар ретке келтіруде. Клиенттердің ақшасы жеке шоттарында сақтаулы тұр деп сендірді.
Осы уақыт аралығында желіде аталған жағдайға қатысты әзіл мен «мемдер» тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды күлкіге айналдырды.