Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Kaspi Bank бұрынғы қызметкері туралы мәлімет үшін 10 миллион теңге бермек

Kaspi Bank бұрынғы қызметкері туралы мәлімет үшін 10 миллион теңге бермек

   Павлодарда Kaspi Bank-тің бұрынғы қызметкері Руслан Сексембаев банктің атын жамылып, клиенттерді алдап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген. Мұнан кейін қашып кетіпті. 
Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
«Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде. Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 миллион теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды», - делінеді банк хабарламасында. 
Руслан Сексембаев туралы мәліметті Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады: +7 705 211 16 93.
«Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арыздануыңызды сұраймыз», - дейді банктегілер. 
Kaspi банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін еске салы. Қаржы ұйымы біреудің шотына қаражат аударуды ешқашан талап етпейді.
12 шілде 2019 ж. 1 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам