Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бімігершілік бар жерде татулық орнайды.

Бімігершілік бар жерде татулық орнайды.

Биылғы Жолдауда  Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Тоқаев дау-дамайды шешудің баламалық тәсілдерін дамытуға бас назар аударды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл ұстаным қос тараптың ымыраға келуіне жол ашатының, дамыған елдерде мұндай институттар өзін мойындатқанын жеткізді.
Қазіргі күні бітімгершілік институтын жандандыру жан-жақты қолға алынуда.   Биылғы жылы Қазақстан Республикасының «Азаматтық процестік кодексіне сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Өзгерістер, негізінен, жүйе жұмысын заманауи форматтар көмегімен жандандыруды, артық сот рәсімдері мен шығындарды қысқартуды көздейді.Соған орай  АПК-мен бұл мәселе одан әрі пысықталды. Тараптардың татуласуына бұрынғы заңмен бес күн берілген болатын. Тәжірибе бұл мерзімнің аздық ететінің байқатты. Соған орай, жаңа заңда медиацияның мерзімі тағы да бес күнге, жалпы алғанда, он күнге ұзартылды. Соттың тараптар берген татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын процесс барысында қарау мүмкіндігі, сондай-ақ іс қараған судьяның медиациялық келісімді бекітетінің де нақтылап берді.
Сотта татуластыру рәсімдері  Алгоритм бойынша жүргізіледі. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қаралуға жататын және талап арыздар татуластыру рәсімдерін жүргізуге маманданған судьяға бөлінеді. Талап арызды қабылдау үшін негіздер болған кезде судья 10 жұмыс күн ішінде  барлық қолжетімді байланыс құралдарымен (ұялы телефон, электрондық мекенжай және т.б.) тараптарға татуластыру рәсіміне қатысу үшін шақыру жібереді. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қаралуға жататын талаптар бойынша судья тараптарға 10 жұмыс күні өткенге дейін татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды өз бетінше шешу мүмкіндігі бар екені туралы хабарлайды.
Шақыру мен хабарламада тараптарға сотқа талап арызының түскені, дауды татуластыру рәсімін (татуласу келісімі, медиация, партисипативтік рәсім) қолдана отырып, шешуге болатының, татуласудың артықшылықтарын, сондай-ақ шешімді орындау кезіндегі құқықтық салдарлары түсіндіріледі.
Татуластыру рәсіміне қатысуға келіскен, шақыру бойынша келген тараптар татуластыру рәсімінің түрін дербес таңдайды және бұл туралы қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, сотқа жіберілген өтінішхатта көрсетеді.
Өтініш түскеннен кейін судья татуластыру рәсімін жүргізеді.
Егер татуласу келісімі таңдалса, тараптар оны бекіту үшін сотқа ұсынады. Бітімгершілік келісім жасалған кезде судья оның талаптарын тексереді, оны бекітеді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Медиация тәртібімен келісім жасасу кезінде судья оның талаптарын тексереді, оны бекітеді және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Партисипативтік рәсім тәртібімен келісім жасасу кезінде судья оның шарттарын тексереді, оны бекітедң және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.
Бүгінде медиация отбасы дауларында, туған-туыс, көршілер арасындағы келіспеушілктерде, еңбек дауларынан бөлек, тартысқа толы ірі экономикалық дауларда, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты дауларды шешуде де тиімді қолданылып келеді.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кайбалдиева
13 қазан 2020 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам