Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

   Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "ҚР Азаматтық процестік кодексіне сот жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот процедуралары мен шығындарды қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"ҚР заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
        Осы түзетулер пакеті – үшінші. Егер алғашқы екеуі істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы мәселелерімен байланысты болса, онда үшінші пакет тікелей сот процесінің өзінде көрсетіледі.
         Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов атап өткендей, түзетулер Президенттің сот корпусына қойған басты міндеттерді шешуге, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Заңға енгізілген өзгерістердің сот процесін ыңғайлы, тиімді, адамдар үшін түсінікті етуге мүмкіндік беретінін спикер атап өтті.
         Оның айтуынша, соттарға қатысты ең басты ескерту және басты сын -бұл судьяның істі қарау кезінде егжей-тегжейлі тереңдете алмайтыны, басқа жағдайларды зерттемейтіні және ұсынылған дәлелдемелермен ғана қанағаттандырылатыны болып табылады. Оның себебі ретінде қолданыстағы АПК-де қойылатын талаптар аталады. Мәселен, қазір судья ешқандай жағдайда талап қою арызының шеңберінен шықпауға тиіс,тек тараптардың талап еткенін ғана қарап, осы арнада ғана шешім қабылдауы керек. Ал басқа да мән-жайларды өз бетінше анықтауға, өзге де дәлелдемелер сұратуға судья құқылы емес. Судьяның процестегі рөлін түбейлі өзгерту үшін және әділ шешім қабылдау ұшін судья дауды жан-жақты, егжей-тегжейіне шейін толық түсіне білуге тиіс. Сондықтан судья процестік қатынаста еркін болуға, қандай дәлелді немесе дәлелдемені зерттеуі керек екенін өз бетінше анықтауға тиіс. Мұндай тәжірибе дамыған елдердің соттарында бұрыннан қалыптасқан.
         Осы түзетуді қабылдау істің ақиқатына қол жеткізуге, судьяның неғұрлым белсенді болуына ықпал етеді, ал сот процестері неғұрлым жарыспалы болып өтеді. "Бұған қоса, заң жобасына сәйкес қабылданған шешімдердің құқықтық салдарын тараптарға түсіндіруге судьяларды міндеттейміз. Яғни, судья қандай да бір шешімге неге келгенін сот процессінен кейін тараптарға түсіндіруі керек", - деп нақтылады Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы.
       
           Түзетулер сот ісін жүргізуді цифрландыруға да қатысты болды. Мәселен, заң жобасымен істерді жеңілдетілген және бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен тараптарды шақырусыз электрондық форматта қарау ұсынылды. Сондай-ақ әңгіме электронды хаттаманы енгізу, сотта электрондық гаджеттерді пайдалану және процесске қашықтықтан қатысу туралы да болды.
           Бибінұр АМАНЖАН,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
психолог-инспекторы
02 маусым 2020 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам