Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ел тыныштығына мән беру әрбіріміздің міндетіміз

Ел тыныштығына мән беру әрбіріміздің міндетіміз

Қармақшыда «Қазақстан – бейбітшілік пен келісімнің бесігі» атты аудандық ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті. Тағылымы мол шараны аудан әкімінің орынбасары Ж. Тұрмаханұлы жүргізді.
Конференцияның алғы сөзін түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Гульчин Гейдарова алды. Ол әрбір жеткен жетістіктердің негізі – халықтың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігінің нәтижесі деп біледі. «Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Бірлікті ұстын етіп, оны берік сақтау біздің басты мақсат-ниетіміз» деді.
«Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев «Қазақстандағы этноконфессиялық келісім» тақырыбында баяндама жасады. «Бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі сияқты қасиеттері шет мемлекеттердің оң бағасын алды. Ел тыныштығына мән беру әрбіріміздің міндетіміз деп білемін», деді.
Танымдық конференцияға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі



02 қараша 2020 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам