Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Президенттің қатысуымен өткізілген алқа отырысына үздік учаскелік полиция инспекторлары қатысты

Президенттің қатысуымен өткізілген алқа отырысына үздік учаскелік полиция инспекторлары қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында Президенттің қатысуымен өткізілген ІІМ-нің Алқа отырысына қызметтегі және саптық дайындықтағы жұмыстарының нәтижелері бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің атынан 3 учаскелік полиция инспекторы іріктеліп, қатысты.
Іріктеу барысында учаскелік полиция инспекторларының тұрғындар тарапынан жақсы пікір тудыратын ерлік істері және басқа да жақсы пікірлер ескерілді.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция капитаны Хасенов Мақсат Серікұлы, 2013 жылдан ішкі істер органында 2016 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Жыл басынан өз ынтасымен бірнеше қылмыс ашып, әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтаған. Аймағындағы ішімдікке салынып жүрген тұлғаларды профилактикалық есепке алған. 19.08.2019 жылы өз әкімшілік аймағында көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерінде өрт болып, УПИ М.Хасенов қасындағы әріптестерімен бірге өрт сөндірушілер келемін дегенше өз күштерімен 17 тұрғынды эвакуациялады.
Учаскелік полиция инспекторының кәсіби біліктілігінің және күнделікті атқарып отырған профилактикалық жұмыстарының арқасында әкімшілік аймағында криминогендік ахуал тұрақты.
Алқа отырысына қатысқан екінші учаскелік полиция инспекторы - Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы полиция капитаны Серікбаев Тұрар Жұмабекұлы. 2008 жылдан ішкі істер органдарында, 2012 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Жыл басынан өз ынтасымен қылмыстар ашып, әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтаған. Аймағындағы тұрғындармен тығыз байланыста болып, аймақтағы ахуалды үнемі байқылауда.
Шиелі аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция капитаны Аманжолов Бағлан Асылханұлы, 2011 жылдан ішкі істер органында, 2015 жылдан бастап учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады. Жыл басынан оның әкімшілік аймағында бірде бір қылмыс орын алмаған. Өз ынтасымен мал ұрлықтарын және есірткі алқабын анықтаған. Ол құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында есептегі контингентті үнемі тексеріп отырады. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтарға бейім отбасыларды жүйелі бақылайды.
Азаматтардың сенімі – олардың жұмыс сапасына тікелей байланысты, өйткені учаскелік полиция инспекторы халық пен полиция арасындағы негізгі байланыстырушы буын болып саналады.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жергілікті полиция қызметі жетілдіріледі. Бұл жерде басты рөл құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын учаскелік полиция инспекторларына беріледі деп жоспарлануда.
Халықтың сеніміне ие болып, атқарған жұмысын ашық көрсете білу әрбір учаскелік полиция инспекторының мақсатына айналғанда ғана сала жұмысы нәтижелі болады.
Азаматтардың мүдделерін, қылмыстық және құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды мақсат ете отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты міндеттерді басшылыққа ала отырып, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетінде қызмет етеді.
Бұл учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерге үлгі болып, абыроймен қызметін атқарып, халықтың алғысына ие болу үшін бар күш жігерін салып, әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Қызылорда облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
03 қараша 2020 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам