«Адамзаттың Абайы» тақырыбында әдеби танымдық кеш өтті
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Абай қазынасына саяхат» клубының мүшелері ұлттық нақышпен безендірілген қолөнер орталығында басқосты. «Адамзаттың Абайы» тақырыбында өрбіген әдеби танымдық кештің шымылдығын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жәнібек Жақсанов әсем әнімен ашты.Танымдық шарада клуб мүшелері, №217 орта мектебі, Білім-инновациялық лицейінің оқушылары және «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің белсенді жастары «Көзімнің қарасы» әнін әсем орындап, көңіл тебірентті.
Абай - ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға екенін барлығымыз білеміз. Біртуар қайталанбас тұлғаның адамзаттық, ақындық, халықтық мұрасы айтылар ойға сыймас, қыр-сыры мол дүние. Осы ретте қатысушылар ұлы ақын жайлы білімдерін ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Үлкені де кішісі де зор қызығушылықпен қатысты.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі















