Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Достық – біздің тірегіміз

Достық – біздің тірегіміз

Достық үйінде «Славяне қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Достық үшін» қорытынды шарасы өтті. Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов, «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мукеев, облыстағы этномәдени бірлестіктің белсенділері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Татулық пен бірлікті нығайту мақсатында өткізілген шараны бірлестіктің жетекшісі Галина Щербакова ашты. «Бес ай көлемінде барлығымыз карантин режиміне көштік. Концерттер, кездесулер, қарым-қатынас, қойылымдар тоқтатылды. Бірақ бұл үйде, туған-туыспен, жақындардың ортасында жоспарланбаған демалысты өткізуге мүмкіндік берді. Осы уақыт аралығында біз бір-бірімізге жақын болдық және достықтың не екенін түсіндік. Бұл барлығымыз үшін оңай уақыт болған жоқ.  Дегенмен де ынтымақтасып, қиындықтарды жеңіп шықтық»,- деді.
Пандемия кезеңінде бірлестіктің мүшелері онлайн режимге көшіп, барлық шараларға, мереке, байқауларға қатысып, өз белсенділіктерін танытты.
Осы орайда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов бірлестікке достық пен татулықты берік ету жолында атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
- «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» облыстың белсенді этномәдени бірлестігі болып табылатыны баршаға белгілі. Орталық 23 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және осы жылдар ішінде достықты, бірлік пен келісімді сақтауға және нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралармен өзін көрсете білді.
Осы сәтті пайдалана отырып, мен Финансова Галина Максимовнаны  60 жас мерейтойымен құттықтағым келеді, оған мықты денсаулық және отбасылық амандық тілеймін, - дей келе «Славяне» орталығына карантин кезіндегі белсенді қоғамдық жұмысы үшін алғыс хат табыстады.
Шара аясында Алматыдағы Ресей бас консулдығы тарапынан екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастарын нығайтуға, ынтымақтастықты сақтау жолында белсенділік танытқан орталық мүшелеріне грамоталар мен сыйлықтар табысталды.
Облыстық Қазақстан халқыассамблеясының баспасөз қызметі
26 тамыз 2020 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам