Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Кәсіпкерлерге несие беріледі

Кәсіпкерлерге несие беріледі

Қымбатты оқырмандар, бүгін біз сіздердің назарларыңызға өңір кәсіпкерлері үшін аса маңызды қаржы институты – «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, аталмыш орталықпен беріліп жатқан жеңілдетілген несиелер туралы айтпақпыз. Біздің сауалдарымызға Орталық менеджері Асхат Темірбаев жауап берді.
         - Бүгінгі таңда орталықпен қандай несилер берілуде?
         - Биылғы жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында жеңілдетілген несиелер берілді. «Еңбек» бағдарламасы арқылы біз «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ-ның қаржысын кәсіпкерлерге несие ретінде бердік. Әлі де несие беру жалғасуда. Несие алушыға қойылатын талап: несие 5 жылға беріледі. Максимальды қаржы. 20 млн.теңге, 17,5 пайызбен. Егер кәсіпкер инвестициялық мақсатқа алса бастапқы 3 жылға, ал айналым қаражатына берілетін шағын несиенің бастапқы 2 жылға пайыздық мөлшерлемесін мемлекет тарапынан 11,5 %-ға субсидиялау қарастырылған. Яғни инвестициялық мақсатқа берілген несиелердің бастапқы үш жылында, ал  айналым қаражатына берілетін несиенің  бастапқы екі жылында кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені 6 %-бен төлесе, мемлекет тарапынан 11,5 %-ы субсидияланады.
         -  Осы Сіз айтып отырған бағдарламаларға қатысушыларға қандай талап қойылады? Арнайы сертификаттар қажет пе?
         - «Еңбек» бағдарламасы бойынша несие алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптар: Кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау» жобасын оқығандығы жөнінде сертификаты мен жұмыссыз екендігін дәлелдейтін анықтамасы қажет. Ал жұмыс жасап тұрған азаматтар үшін «Бизнес-мектеп» оқыту курсынан алған сертификаты жарайды. Онан өзге кепіл мүлік талап етіледі. Кепіл мүлкі жетпеген жағдайда «ҚазАгроГарант» мекемесі арқылы кепілдендіруге болады.  Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы «Даму» Қорынан бөлініп отырған қаражатты алу үшін кәсіпкерлік курстарынан өткендігін дәлелдейтін сертификаттар, жолдама талап етілмейді. Ондай шектеу жоқ. Несие алуға ниетті азамат 18 жастан асса болды. Жасына да қойылатын шектеу жоқ, яғни зейнет жасындағы кәсіпкерлерге де беріледі. Құжаттарға қатысты қойылатын талаптар: төлқұжаты болуы керек, несие тарихы таза болуы қажет, сондай-ақ кепіл мүлік керек. Кәсіпкердің кепіл мүлкі жетпеген жағдайда «Даму» Қоры арқылы 85 пайызға дейін кепілдендіре алады.  
         - Осы жылы Орталық арқылы қанша жоба қаржыландырылды?
- Биыл Орталықпен жалпы құны 616 млн.теңгені құрайтын 170 жоба қаржыландырылды. Жаңадан 185 жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бойынша жалпы құны 450 млн.теңгені құрайтын 149 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның биылғы жылға арналған қаржысын толық игеріп болдық. Қазір «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясындағы «Даму» Қорының қаржысын игерудеміз. 1 млрд.теңгенің көлемінде қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге дейін жалпы құны 113 млн.теңгені құрайтын 7 жобаны қаржыландырдық. Несие алуға ниетті азаматтар үшін біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 123, 3-қабат, 306, 308-бөлмелер. Ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлері облыс орталығына келіп уақыт жоғалтпай-ақ әр ауданда орналасқан Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының мамандарына жүгіне алады.
- Сұхбатыңызға рахмет.
        
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
           
05 қараша 2020 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам