Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордадағы NIS – «Еңүздік команда 2020»

Қызылордадағы NIS – «Еңүздік команда 2020»

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша желілік ғылыми жобалар сайысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 7 жүлделі орынды иеленді.
Аталмыш сайысқа қызылордалық зияткерлер 10 ғылыми жобалары мен авторлық өнер табыстарын ұсынды. Бірі жүрекақауларын анықтайтын электрокардиографты өз қолымен жасап шығарса, басқалары баламалы энергия көздерін алу, талдарды егуге арналған құрылғы мен жылы жайда мәдени өсімдіктерді өсіру заманауи технологиясын таныстырды. Сондай-ақ, жасөнертапқыштар өндірістік қалдықтардан суды тазалау, Сырдария өзенінің ластану аймағына нықтаудың заманауи әдістерін ұсынды. Балалардың тілдік дағдыларын арттырудағы тың идеялары мен Қазақ хандығындағы билер институтының рөлін зерттеу жобалары да жоғары бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша 7 жұмыстың авторлары жүлделі орындармен марапатталды. Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Бекжан Бектұрған, 12-сыныптан Гүлдана Сабитова мен Даулет Райымбаев және 10-сыныптың біліма лушысы Зарина Айсайтова жеңімпаз атанса, 9-сынып оқушылары Нұрназар Түрікбен, Тоғжан Марат және Жұлдызай Мұнайтбасова жүлделі 2-орынды иеленді. Ал 12-сынып оқушысы Мерей Сембай мен 9-сыныптан Жібек Кучербаева үздік үштіктер қатарынан көрінді.
Жалпы командалық есепте Қызылордадағы NIS «Еңүздік команда-2020» атанды.

05 қараша 2020 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам