Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сотталған азаматтар  мұражайға экскурсия жасады

Сотталған азаматтар  мұражайға экскурсия жасады

Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұратын 10-нан астам сотталғанды аудандық-тарихи өлкетану музейіне алып барды. Музейдің ғылыми қызметкері С.Қуандықова  сотты болған азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, 2017 жылы ашылған «Еңбек даңқы» залы бойынша құнды экспонаттармен, мұражай тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берді.
«Енбек даңқы» залында  ауданның қалыптасуы мен даму тарихына үлес қосқан, ел игілігі үшін қызмет жасаған еңбек адамдары,  осы ауданнан шыққан, есімі тарихта қалған тұлғалар туралы мәліметтерді сотталғандар қызыға тыңдады. Көненің көзі, ескінің өзінен сыр шертетін тарихи – өлкетану мұражайының қорында  10 мыңнан астам экспонат бар.  Экскурсиядан  рухани азық алған сотталған азаматтар   пробация қызметкерлеріне  алғыс айтты.
«Есептегі азаматтарды қоғамнан оқшауламай, ортаға бейімдеу, олармен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында осындай шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Сонымен қоса әлеуметті-құқықтық көмек көрсету бағытында да жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен  кездесулер өткізіліп тұрады», - деді аудандық пробация қызметінің  аға инспекторы әділет капитаны А.Сақыбеков.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
06 қараша 2020 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам