Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аймақтағы ахуал: Болжамды екінші кезеңге дайындық жүргізілуде

Аймақтағы ахуал: Болжамды екінші кезеңге дайындық жүргізілуде

Еліміздің бірнеше облысында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты­ карантин режимі күшейтілгені белгілі. Бүгінде аймақта пандемияның болжамды екінші кезеңіне дайындық жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов мәлімдеді.
Індет алғаш белең алған тұста іркілістер көп болған. Кем-кетігіміз білініп, вируспен күресте кем­шін тұстар байқалды. Бұл жолы ондай олқылықтарға жол берілмеу керек. Сол себепті тиісті сала мамандары бірлесіп қажеттілікті пысықтауда.
Мамандардың айтуынша, вирус жұқтырған науқастарды дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету үшін бүгінде ең қажеттілерінің тізімі жасалыпты. Оған 350 млн теңге көлемінде қаражат керек. Сонымен қатар қажет болған жағдайда жалпы саны 3000 төсектік 21 инфекциялық және провизорлық стационар дайын тұр.  Бұдан өзге 200 төсек орны бар модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Медициналық нысанның құрылысы айдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл бірінші кезеңнің қателігін қайталамас үшін қажет. Індет өршіген тұста өкпені жасанды тыныстандыру аппараты жетіспеді. Сала мамандары мұны да ескеріпті. Қазір мұндай 244 құрылғы бар. Алдағы уақытта тағы 47 аппарат әкелінуі тиіс. Ал жергілікті қаржы есебінен 4 флюро, 6 стационарлы рентген жабдықтары алынып, республика бюджетінен 40 автокөлікке тапсырыс берілген.
Ең бастысы аймақта 2 оттегі станциясы салынады. Оның бірі Қазалы ауданында орналасса,  екіншісі «Көпбейінді облыстық аурухана» базасында бой көтермек. Нысан іске қосылғанда өзге аудандағы медицина­ мекемелерін оттегімен қамтамасыз ете алады. Брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай­­­ Байқадамов үй жағдайында ем алатын науқастарға да медициналық көмек қолжетімді болатындығын атап өтті. Ол үшін 38 қала, 28 аудан, 95 елді мекен деңгейіндегі мобильдік бригада ұйымдастырылған. «Covid-19» індеті бойынша әлемдік және еліміздің бірнеше өңіріндегі ахуалды ескере отырып, облыста бірқатар шектеулердің күші жойылған жоқ. Карантин талаптары вирустың таралу деңгейіне қарай күшейтіледі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Сәбит Пазылов бүгінге дейін инфекция жұқтырған 3000-нан аса жағдай тіркелсе, оның 65-сі сырттан тасымалданғанын айтады. Инфекция жұқтыру дерегі барлық аудан, қала көлемінде орын алған. Әсіресе, қала бойынша басымдық жоғары. Дегенмен індеттен айығып шыққан науқастар да бар. Мәселен, 4 қарашадағы есеп бойынша 10 сырқат сауығып шыққан.
Қазір облыста коронавирусты ПТР әдісімен анықтайтын 4 зертхана жұмыс істейді. Атап айтқанда  «Ұлт­тық сараптама орталығының» облыстық филиалы, облыстық фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасы және мемлекеттік тапсырыс негізінде «Олимп» пен «Инвиво» жеке емханасы. Егер індет белең алар болса қосымша екі зертхана жұмысын бастайтын болады.

А.СЕЙІЛ
07 қараша 2020 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам