Көлік жүргізуші мас күйінде ұсталды

Нәтижесінде жол ережесін бұзып, айналасындағы көлік жүргізушілеріне қауіп төндірген 33 жастағы қала тұрғыны екені, оның бұған дейін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Соған қарамастан тәртіпке бағынбаған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылған.
Осы орайда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.
Қызылорда облысы
Полиция департаментінің
баспасөз қызметі
Полиция департаментінің
баспасөз қызметі