Қызылордалық полицейлер қала ішінде мас жүргізушіні құрықтады.

Жүргізуші облыс орталығының 57 жасар тұрғыны болып шықты. Алкогольдің иісін сезіп, полиция қызметкерлері алкогольді анықтау үшін куәландыруды жүргізу үшін наркологиялық орталыққа жеткізді. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша азамат жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған.
Алайда, тексеру барысында аталған азамат соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғанына қарамастан, автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарып басқа жол қозғалысы қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта тәртіп бұзушы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Кінәліге жүргізушіге қатысты автокөлік жүргізу құқығынан өмір бойы айырыла отырып, 5000 АЕК-ге дейін айыппұл /13.255 000 теңге дейін/ салуға немесе 5 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейту мақсатында полицейлер облыс тұрғындарын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.