Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау:
Егер сіз бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасап отырған болсаңыз, онда жәрдемақы рәсімдеуге толық құқылысыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарымызда бұл жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу жолын көрсетпекпіз.
- Тіркелген жеріңіз бойынша ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
- Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ертекеліп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алыңыз
- Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз:
- Қызмет алушы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтың жеке куәліктері
- Егер мүмкіндігі шектеулі азамат іске қабілетсіз болып танылған болса, онда оның заңды қамқоршысының құжаттары
- Егер сенімді өкілі жүгінсе, оның нотариалды расталған сенімхаты
- Егер оралман мәртебесі бар болса, онда оны растайтын құжат
- Қызметалушының бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке қамқоршы ретінде белгіленгенін растайтын құжат
- Мүмкіндігі шектеулі азаматтың мүгедектігі туралы сараптама орталығының анықтамасы
- Жәрдемақы аударылатын есепшот жайлы банк анықтамасы
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін
– Байқоңыр қаласының тұрғын үйшаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы
ХҚО-ға қызметті рәсімдеу үшін, I топтағы мүгедек іске қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі немесе қамқоршысы келеді. Ал іске қабілетті болып табылған азамат өзі келуі қажет.
Қызмет көрсету уақыты – құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 7 жұмыс күні
Ескерту, құжаттарды толықтыру немесе басқа да өзгерістерге байланысты жәрдемақы тағайындау уақыты 30 күнге дейін ұзартылуы мүмкін
Жәрдемақы мөлшері – 45736 теңге
Ескерту, бұл жәрдемақы, I топтағы мүгедектігі бар кәмелет жасына толған, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілеріне тағайындалады.