Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қарулы Күштерімізге әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

Қарулы Күштерімізге әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне күзгі науқандағы мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда.
Шақырылым жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылуда. Осы жылы Қызылорда облысынан 800-ге жуық жасты әскерге аттандыру жоспарланған. Ал, қазіргі таңда 450-ге жуық жас шақырушылар әскерге аттанып та үлгерді. Әскер қатарына дене дайындығы жақсы, психологиялық тест нәтижелері жоғары жастар алынуда.
Шақырушыларға әскери бөлімдерге жіберілместен бұрын ПТР-тесті әдісі арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялардың тікелей қатысуымен өтуде. Таңдау барысында жастардың мамандығы мен денсаулығына мән беріледі. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны көбеюде.
«Сыр елінің азаматтары Отан алдындағы борыштарын өтеуге белсенділік танытуда. Күзгі әскерге шақыру науқаны осы жылдың желтоқан айының аяғына дейін жалғасады», - дейді Қызылорда облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жасақтау басқармасының мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімінің бастығы, майор Нұржан Мелдебеков.
Жоғары білімі бар азаматтар өздерінің жақсы қырынан көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады. Жалпы әскерге шақыру науқаны осы жылдың 29 желтоқсанында, яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі бөлімге қызметке келген кезде аяқталады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
11 қараша 2020 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам