Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жоғалған қыз Өскеменге қашып кеткен

Қызылордада жоғалған қыз Өскеменге қашып кеткен

Қызылордалық полицейлер жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімді пойыздан тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

7 қараша күні сағат 19:00-де Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, 2005 жылы туған қызының туыстарына барып, әрі қарай туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы арызданған.

Жоғалған қызды іздестіру үшін учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды, сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 7 қараша күні кәмелетке толмаған бойжеткеннің Өскемен бағытындағы пойызда екені анықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қыздың ата-анасына ескертпей, пойызбен Өскемен қаласына барып, досымен кездеспек болғаны белгілі болды.

Қазір жасөспірімнің ата-анасы қызын қайтару үшін Өскемен қаласына аттанды.
11 қараша 2020 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 604 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам