Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әріптесіміз – «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының лауреаты

Әріптесіміз – «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының лауреаты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Үркер-2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Олардың қатарында әріптесіміз, «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаев та бар.

Сонымен қатар, «Жылдың үздік фотосуреті» аталымында тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет жеңімпаз атанды.

«Жылдың үздік аналитикалық материалы» аталымы Strategy2050.kz порталы журналисі Қайрат Жандыбаевқа, «Жылдың үздік журналистік зерттеуі» «Время» газетінен Михаил Козачковқа бұйырды. Ал «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева «Жылдың үздік сұхбаты», аталымында, «Sputnik Казахстан» агенттігінің тілшісі Тимур Ниталиев Жылдың үздік танымдық материалы» аталымында жеңімпаз болды.

«Радиостанциядағы үздік жоба» аталымы «Atyray» радиостанциясының «Эфирде 102 FM» бағдарламасына бұйырса, TengriNews порталы «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңімпаз болды. «Жылдың үздік газеті» сыйлығы Жамбыл облыстық «AQ JOL» газетіне берілді.

Сонымен қатар «Жылдың үздік журналы» аталымында «Жұлдыз» журналы жеңімпаз деп танылды. Ал Шерхан Мұртаза атындағы номинация Қайнар Олжайға бұйырды. Мұнан бөлек, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің арнайы сыйлығы «ТАСС» агенттігі мен «Kaznews» Моңғолиядағы қазақтілді порталға берілсе, «Казахстанская правда» газетінің арнайы сыйлығы ардагер журналист Татьяна Костинаға табысталды.

Айта кетерлігі, 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында ұйымдастырылған «Үркер» ұлттық сыйлығының 11 аталым бойынша қатысушыларынан 470 өтінім келіп түсті. Бүгін әр аталым үздігіне «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

Ұлттық бәйгені ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.
13 қараша 2020 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 049 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам