Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛБАСЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫ ЛАУРЕАТТАРЫН МАРАПАТТАДЫ

ЕЛБАСЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫ ЛАУРЕАТТАРЫН МАРАПАТТАДЫ

 «Алтын сапа» сыйлығының арнайы аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл жөнінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының марапттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Елбасы І Индстриялау күні қарсаңына орай бірқатар индустриялық, инновациялық және инфрақұрылымдық жобалар іске қосты. 26 жыл ішінде Қазақстан орасан зор жобалар мен реформаларды жүзеге асырды, стратегиялық жоспарлар арқылы экономиканы тұрақтандырды. Нәтижесінде бүгінде республиканың түкпір-түкпірінде қуатты инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық кәсіпорындар бой көтеруде. Бұл жобалар бүгін Елбасы қолдауымен іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жылдың айтулы шарасы. Биыл бұл байқауда 101 компания бақ сынап отыр.
ҚР Президентінің арнайы «Алтын сапа» сыйлығының қосымша лауарет атауын «Үздік индустриялық жоба» аталымында Павлодар облысының «Giessenhaus» ЖШС алды. Жоба жетекішісі, бас директоры – Эдуард Швец.
«Үздік инновациялық жоба» аталымында Қарағанды облысының «Recycling Company» ЖШС компаниясы алды, Жоба жетекішісі, Бас директор – Александр Рябинин.
«Сапа үздігі» аталымында үздік болып Жамбыл облысының «Казфосфат» ЖШС компаниясы танылды, Басқарма Төрағасы – Мақсұтбек Есенов.
«Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымында үздік болып «Абзал и Компания» ТС танылды, Қызылорда облысы.
Бизнес жүргізуге ең қолайлы өңір ретінде Астана қаласы танылды.
Айта кетелік, ҚР Президенті «Алтын сапа» сыйлығы байқау негізінде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi. 2015 жылдан бастап байқауларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.


06 желтоқсан 2017 ж. 1 679 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам