Коронавирус бұрынғыдан қауіпсіз әрі тез емделетін болды

Бұл туралы Science журналында жарияланған мақалада айтылады.
Зерттеушілер Еуропада пайда болған және қазір бүкіл әлемге тараған D614G штаммын талдады. D614G тез көбейіп, оны жұқтыру оңай болғанымен, ол қытайлық COVID-19 штаммына қарағанда қауіпті емес. Сонымен қатар, антиденелері бар препараттармен бейтараптандыруға әлдеқайда сезімтал болып шықты және тез емделді.
D614G жасушаларға тиімді еніп, оның S-ақуызын ACE2 жасушалық рецепторымен байланыстырады. Ол бұрынғы штаммына қарағанда он есе тез көбейеді, әсіресе, мұрын қуысының эпителий жасушаларында белсенді түрде көбейеді. Бұл оның адамнан адамға ауа арқылы берілуін жеңілдетеді.
Мутация S-ақуыздың құрылымына әсер етеді, бұл рецептормен жанасуды жеңілдетеді, бірақ сонымен бірге ақуыздың антиденелермен байланысын оңтайландырады.