Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ

АДАМЗАТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ


Биыл қазақтың біртуар ақыны, халық дана деп қадір¬леген, дара деп құрмет тұтқан Абай Құнанбайұлының өмірге келгеніне 175 жыл толып отыр. Қазақ екі адамды хакім деп атайды. Соның бірі – әңгіме арқауына айналған Абай атамыз. Абай – үлкен тақырып. Оның философиялық әлемі, өлең¬дегі табиғаты, лирикасы, әндері тағысын-тағы таусылмайтын қыры мен сыры көп. Оның есімі дүниежүзі халық¬тары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Себебі оның әдеби мұрасы бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.
Жуырда Ұлыбританияда қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларының ағылшын тіліндегі жаңа жинағы жарық көрді. «Қазақпарат» сүйіншілеген хабарда кітаптың тұсаукесері онлайн түрде өткені айтылған.
Бұл туындының басты ерекшелігі, ұлы ойшыл еңбектерінің қазақ тілінен тікелей түпнұсқаға барынша жақын аударылуында болып отыр. Бұған дейін Абайдың өлеңдері мен қара сөздері орысшадан тәржімаланған болатын. Жобаны Ұлттық аударма бюросы және әлемге әйгілі Кембридж университетінің баспасы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отыр.
Тұсаукесер Британиялық ұлттық кітапханада өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ Англияда екінші жалпыұлттық локдаунның жариялануына байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Шарада сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ағылшын тілі миллиардтан астам адамның ортақ тілі. Абайдың толық шығармалар жинағының ағылшын тіліне аударылуын ақын шығармалары миллиард оқырманға ұсынылды деген сөз. Ұлттық аударма бюросы тәржіма ісіне британиялық тәжірибелі аудармашыларды тартқан. Аудармашылар алдымен ұлы ақынның шығармашылығын терең зерттеп, оның тұңғиығына бойлағандарын айтады. Британиялық танымал аудармашы әрі ақын Шон О’Брайен Абай өлеңдеріне ағылшын тілінде жан бітіру оңайға түспегенін айтады. «Аударманың сәтті шығуы үшін кәсіби күш-жігерімді аямадым. Әуезділігін, мәнін толық жеткізе білу, сөйлем құрылымын сақтау, драматизмді ұстану, бәрі-бәрі мен үшін өте маңызды болды», – дейді О’Брайен.
Кембридж университеті баспасының басшысы Питер Филлипс: «Бұл жобаны жүзеге асыра отырып, қазақстандық серіктестерімізбен бірге жаһандық аудиторияға қазақтың бай мұрасын жеткіземіз деген үміттеміз. Жинаққа ақынның 145 өлеңі, 3 поэмасы және қара сөздері енгізілген», – деді.


«Ақмешіт-ақпарат»
14 қараша 2020 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам