Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада 11 учаскені қар басып қалуы мүмкін

Қызылордада 11 учаскені қар басып қалуы мүмкін

Аймақта республикалық және облыстық маңызы бар автожолында қар басып қалу мүмкін 11 учаске бар. Жалпы ұзындығы 12 шақырым 900 метрді құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар «Кызылорда-Павлодар-Успенко» автожолында 8 учаске бар, жалпы ұзындығы 4 шақырым 900 метрді құрайды. Қар басып қалатын учаскелер автожолдың 97 және 212 шақырымының аралығында. Ал облыстық маңызы бар автожолда 3 учаске бар, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, Қазалы ауданында Жанқожа батыр мен Бекарыстан би, Жалантөс пен Пірімов ауылдарының арасы. Арал ауданында Аманөткел мен Бөген ауылының аралығы.
«Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға облыстық Азаматтық қорғау қызметтінен 1324 адам және 383 бірлік әр түрлі техникалар дайындалды. Ал төтенше жағдайлар департаменті бойынша – 194 жеке құрам, 21 бірлік техника сақадай сай тұр. Жақында «Самара-Шымкент» автожолының бойында орналасқан 4 жол пайдалану бөлімшелерінің дайындығы тексерілді», – деді облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов.
Жол пайдалану бөлімшелерінде автогрейдер, трактор (МТЗ, К-700), бульдозер секілді 62 техника бар.

Kyzylorda-news.kz. 

15 қараша 2020 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам