Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ДАРИЯДА МОЛ СУ КҮТІЛУДЕ

ДАРИЯДА МОЛ СУ КҮТІЛУДЕ

 
Дарияда мол су күтілуде. Қараша айының 10-нан бастап Сырдария өзені арқылы секундына 1200 текше метр су келеді деген болжам бар. Осы мақсатта облыста «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Оқу-жаттығу жиынына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және жедел штабтық топтардың қызметкерлері қатысты.
– Төтенше жағдайлардың алдын алу, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Баршамызға белгілі, қыс, көктем айларында орын алатын төтенше жағдайлардың бірі – су тасқыны. Қазір дариядағы су деңгейі қамсыз отырғанды қаламайды. Бүгінгі таңда 94 нысанда жөндеу жұмыстары жүруде. Азаматтық қорғау қызметтерінің күш құралдары барлық төтенше жағдайларға ұдайы сақадай сай болуы керек, – деді облыс басшысы.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға 306 адам және 94 арнайы техника дайындалды. Төтенше жағдайлар бөлімдерінің авариялық құтқару жасақтарынан бөлек, облыс әкімінің шешімімен құрылған облыстын 15 азаматтық қорғау қызметтері бар. Аталған қызметтер биылғы жылдың өзінде 6 рет әртүрлі сипаттағы республикалық және облыстық арнайы оқу-жаттығуларға, оның ішінде ағымдағы жылы 10-13 қазан аралығында Тараз қаласында өткен «Жер-2017» республикалық, коман далық штабтық оқу-жаттығуға қатысып қайтты.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.


13 қараша 2017 ж. 1 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам