241 мұғалімнен коронавирус анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелгенін айтты. «241 жағдай — мұғалімдер арасындағы жағдай. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталып жатыр, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деді Есмағамбетова. Сондай-ақ, оның айтуынша, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.