Қызылордада 602 көпбалалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген
Көп балалы аналар мен отбасындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда кеше ҮЕҰ өкілдері мен көп балалы іскер әйелдердің қатысуымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда әйелдер арасындағы жұмыссыздық мәселелесі талқыланды.
Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болса, оның ішінде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,0% құрап отыр.
Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болса, оның ішінде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 5,0% құрап отыр.
Жиында комиссия төрағасы Райкүл Байназарова көпбалалы аналардың кәсіппен шұғылдануы бағатында жасалып жатқан жұмыстар төңірегінде айтып өтті.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларға жұмыс істеуге барынша қолдаулар көрсетілуде. Яғни, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқулар ұйымдастырылып, үйден әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға яғни, тігін тігу, нан пісіру және т.б қызметтер үшін қайтарымсыз гранттар берілуде. Мәселен, бүгінгі күнге "Еңбек" бағдарламасына 17 155 әйел енгізілген (61,3%), оның 19%-ы көпбалалы отбасылардың үлесінде. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып қысқа мерзімді оқыту курстарына 877, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1242 әйел азаматтар жолданды.Бұл оқу курстары тегін және оладың жол шығыны, жатын орнына материалдық көмек мәселелері де қаралған дейді Райкүл Байназарова.
Атап өту керек жыл басынан өңірде 287 нәзік жандылар шағын несие алған. Қосымша 680 жаңа жұмыс орындары ашылды. 602- көп балалы отбасыларға жаңа бизнес–идеяларды іске асырып, өз кәсіптерін ашуға мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілген.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікаримовтың айтуынша аталған бағдарламалар аясында ұйымдастырлған жұмыспен қамту шаралары аясында 533 әйел әлеуметтік жұмыс орындарына, 2701 әйел жастар тәжірибесіне, 6382 әйел қоғамдық жұмыстарға жолданған. Сонымен қатар, әйел азаматтарды, аналарды 4 сағаттық толық емес, икемді жұмыс күні мүмкіндігімен жұмысқа орналастыру немесе үйде отырып жеке ісін ашу мәселелері жеке қарастырылуда.
Қазіргі таңда біздің аймағымызда «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асырылып отырған «Dalatex» компаниясының тігін цехын ұйымдастыру жобасы нәтижелі жүзеге асуп келеді. Бүгінгі күні «Еңбек» бағдарламасы аясында 123 (27 – көпбалалы, 96 - жұмыссыз) көпбалалы және жұмыссыз әйел азаматтар тігінші мамандығына оқытылуда. Оқуды аяқтағаннан кейін бұл азаматтар мемлекеттік грант арқылы тігін машинасы секілді қажетті құрал жабдықтарын алып, жеке кәсіпкер ретінде «Dalatex» компаниясымен келісім шартқа отырады. Бұл нәзік жандылардың жұмыс жасауына таптырмас мүмкіндік,- дейді басқарма басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікаримов.