Иорданиядағы көшеге Абай есімі беріледі
Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларды қолдау көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Осы ретте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты ашылу рәсімімен Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне қазақтың ұлы ақынының есімін беру туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.