МЕКСИКАЛЫҚТАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Мексикада Астананың 20 жылдық мерейтойы атап өтілді. Іс-шара соңында қонақтарға қазақстың ұлттық тағамдары ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Мексикадағы Қазақстанның елшілігінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған ресми қабылдау өткізілді. Іс-шараға Мексиканың мемлекеттік органдарының, бизнес топтарының, мәдениет қайраткерлерінің және қазақ диаспорасының 200-ден астам өкілдері қатысты.
"Қазақстанның елшісі Андриан Елемесов алғы сөзінде қатысушыларды жас Астананың қалыптасуының елеулі кезеңдерімен, жаһандық саясаттағы өскелең рөлімен, көпшілікпен танылған халықаралық күн тәртібінің саяси және экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер алаңының жетістіктерімен таныстырып шықты. Сонымен қатар, қонақтар Қазақстанның жетістіктері мен даму перспективалары, жағымды инвестициялық саясаты, стратегиялық бағдарламалары мен халықаралық бастамаларының негізгі бағыттарымен таныстырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.
Сыртқы істер министрлігі департаментінің Бас директоры Хорхэ Альварес Фуэнтес Мексиканың Сыртқы саяси ведомство басшысының атынан құттықтау хатты оқып, Қазақстанның аймақтық лидері ретіндегі өскелең потенциалын, халықаралық сахнадағы медиатор рөлін және табысты экономикалық өзгерістерін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, қонақтардың назарына Астана туралы арнайы фильм және қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.