Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Айсамал әлем кубогінің жеңімпазы

Айсамал әлем кубогінің жеңімпазы

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогінде қызылордалық Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тақты.

Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде – 107, серпе көтеруде – 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.

Айта кетейік, ол былтырғы жылы
Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды.
Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

Дүбірлі бəсекеге Еліміздің намысын облысымыздан төрт спортшы қорғады. Атап айтсақ, Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева Əлем кубогінің жеңімпазы атанды.
Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Əбдіхалық 4-орындарды иеленіп, шеберліктерін шыңдады.
19 қараша 2020 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 629 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам