Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады

Қызылорда өңірінде 2023 жылға дейін 265 жоба іске асады


Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі «Экономикалық даму Картасы» әзірленді. Оның аясында экономиканың түрлі салаларында 271 млрд. теңгені құрайтын 265 жоба іске асырылады. Бұл өз кезегінде 4600 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылғы жылға 26 млрд. теңгені құрайтын 110 жобаны жүзеге асып жатыр. Нәтижесінде, 2 мың азамат жұмысқа қамтылады.
«Аймақта төрт түлік малдың еті, сүті, жүнін кәдеге асырып, оны қайта бағыттау бизнесі жолға қойылып келеді Сонымен қатар біздің өңірде 25644 көпбалалы ана бар. Оларды да бизнеске тартудамыз. «Еңбек» бағдарламасы арқылы аналардың бизнес идеяларын жүзеге асыру мақсатында 602 көпбалалы анаға грант бердік»,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Мұнымен қоса, ерлер жейделерін тігумен айналысатын «Далатекс» ЖШСмен бірлесіп маңызды жоба іске асырылуда. Атап айтсақ «Еңбек» бағдарламасы аясында 123 әйел тігін шеберлігіне оқытылуда. Оларға тігін машиналары мен басқа да жабдықтарды сатып алуға 555 мың теңгеден гранттар беріледі. Оқыған азаматшалар жеке кәсіп ашып, аталған компаниямен келісімшартқа қол қойып, үйде жұмыс істей алады.
Kyzylorda-news.kz
23 қараша 2020 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам